Әділет министрлігі тауарлық белгілерді заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақыны өндіріп алуды ұсынды

1009

Әділет министрлігі тауарлық белгілерді заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақыны өндіріп алуды ұсынды

ҚР Әділет министрлігі тауарлық белгілер заңсыз пайдаланылған жағдайда өтемақыны алуға тауарлық белгілер иелерінің құқығын белгілеуді ұсынуда.  Бұл туралы бүгін "Зияткерлік меншік саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру барысында ҚР Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы департаментiнiң басшысы Абзал Естаев мәлiм еттi, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

"Қолданыстағы заңнамада біреулердің тауарлық белгіні заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақының кепілді көлеміне тауарлық белгі иесінің құқығы секілді талаптар қаралмаған. Осыған байланысты тауарлық белгі иесінің заң бұзушыдан шығындарды өтеу орнына өтемақы төлеткізуді талап ететін құқығын белгілейтін толықтыру Азаматтық кодекске енгізіледі",-деді департамент басшысы. Бұл тұрғыда құқық бұзушылықтың сипатына қарай сот бекіткен көлемде 500-ден 10 мың АЕК-ке дейін өтемақы ескерілмек. Оның сөзіне қарағанда, заң жобасының негізгі жаңашылдықтарына зияткерлік меншік нысандарын тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру; дауларды сотқа дейін реттеу мүмкіндіктерін кеңейту; сарапшылық ұйымға түскен сәттен бастап тауарлық белгілерге өтінімді жариялау секілді қадамдар еніп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу