"Әділет" партиясы Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 млрд теңге аудармақ

Мұндай ақпаратты саяси партияның баспасөз қызметі мәлімдеді.  

"Әділет" партиясы Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 млрд теңге аудармақ Фото: inbusiness.kz

Ресми ақпаратқа сай, барлық жарна ерікті түрде беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, "Әділет" партиясының мүшелері мен партия Іскерлік кеңесінің өкілдері сарбаздардың отбасыларына көмек көрсету үшін 1 млрд 500 млн теңге жинаған. 

– Барлық жарна ерікті түрде берілді. Атап айтқанда, Республикалық тау-кен және металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец 600 млн теңге аударды. "Alageum Group" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов пен "ВД-Строй Инжиниринг" ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Еркін Оқасов 300 млн теңгеден көмек көрсетті. Сондай-ақ, Елбегі Әбдиев, Қанат Ибраев, Мұрат Әмірин, Юлия Якупбаева, Серік Аманғалиев және Талғат Темірханов 50 млн теңгеден берді, – делінген хабарламада. 

Осы күні қаражат жинауға партияның басқа да мүшелері атсалысуда. Жиналған қаржы қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін "Ұлттық рух" қорына аударылады. Қаражат жинау әлі де жалғасады.

"Әділет" партиясының мүшелері Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу