"Әділет" партиясына қатысты жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалды

445

4 тамыз күні бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарында "Әділет" саяси партиясының қызметіне жүргізілген тексеру және анықталған заңбұзушылықтар туралы Бас прокуратураның атынан жалған баспасөз хабарламасы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әділет" партиясына қатысты жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалды Фото: ЖИ

Бас прокуратура аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп, мұндай хабарлама жарияланбағанын әрі партияға қатысты ешқандай тексеру жүргізілмегенін хабарлады.

Осы фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ведомство "Масс-медиа туралы" және "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңдардың талаптарына сәйкес журналистер мен онлайн-платформа пайдаланушылары жариялайтын ақпараттың дұрыстығын алдын ала тексеруге міндетті екенін еске салды. Егер ақпарат жалған немесе заңға қайшы болса, оны таратуға жол берілмейді.

Бас прокуратура азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, заң талаптарын сақтауға және жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу