"Әділет" партиясының кезектен тыс III Съезі басталды

289

Жиын Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатыр.  

"Әділет" партиясының кезектен тыс III Съезі басталды Фото: t.me/adilet_partiyasy

Шараға еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Съездің пленарлық отырысы басталар алдында партия Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оның алаңында күн тәртібіндегі мәселелер мен партия қызметінің негізгі бағыт-бағдары талқыланды.

III Съезд делегаттары Сайлауалды бағдарламаны, кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындайды, сондай-ақ қорытынды Қаулы қабылдайды.

10 шілдеге дейін партия ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрды және басшылық органдарын жасақтады. "Әділет" партиясы түрлі кәсіби қоғамдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілі саналатын қазақстандықтардың бастамасымен құрылды. 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында партияның құрылтай съезі өтті.

2026 жылғы 1 маусымда заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Әділет" саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу