Әділетхан Молдаханнан жәбірленушінің адвокаты 11 миллион теңге талап етті

Сәуір айында ғана оны қамау мерзімі екі айға ұзартылған еді. 

Әділетхан Молдаханнан жәбірленушінің адвокаты 11 миллион теңге талап етті Фото: Әлеуметтік желіден

Алмалы аудандық сотында "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген айыппен қамауға алынған блогер әрі заңгер өзіне тағылған айыппен толықтай келісетінін мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аталған қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер – Ержан Ұзабаев пен Серік Шұмаев. Екеуі де Алматы полициясында жұмыс істеген, басшылық қызметте болған. Олар Әл-Фараби даңғылы бойындағы жол апатынан соң жұмыссыз қалған-ды. Ал сол жол апатын заңгер әлеуметтік желіде қатаң сынаған болатын. 

Сот барысында Ұзабаевтың адвокаты Молдаханнан моральдық шығын ретінде 10 млн теңге, сонымен қатар сот шығындарын өтеу үшін 1 млн теңгені өндіріп алуды сұраған. 

Тиісінше, блогердің қорғаушылары соттан айыпталушыны қамаудан босатып, үйқамаққа шығаруды және істі ушықтырмай, медиациялық келісімге келуге мүмкіндік беруді өтінген. 

Десе де, судья Ерлан Қасымбек бұл өтініштерді ішінара қанағаттандырса да, блогерді үйқамаққа шығарудан бас тартқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу