Әділетхан Молдаханның қамау мерзімі екі айға ұзартылды

94

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағы екі айға ұзартылған.  

Әділетхан Молдаханның қамау мерзімі екі айға ұзартылды Фото: instagram.com/ adiletkhan

Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайды толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 1 миллионнан астам оқырманы бар блогердің ұсталғаны хабарланған еді. Оған қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Әділетхан Молдахан әлеуметтік желілерде құқықтық тақырыптағы бейнероликтерімен танымал. Оның ішінде Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты жариялаған видеосы кеңінен тараған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу