Адвокат автоматты түрде тағайындалады

747

Сапасыз заң көмегінен жапа шеккен азамат сақтандыру қаражатын алуға құқылы.

Адвокат автоматты түрде тағайындалады

Халық алдында есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев былтырғы жылы 150 мыңнан астам азамат мемлекеттік кепілдендірілген заң көмеген тегін алғанын айтты.

"Бұл көмекті бдюжет қаржысы есебінен адвокаттар көрсетеді. Қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуы және адвокат тағайындау үдерісін автоматтандыру жөнінде бірқатар жұмыс жүргізілуде. "Е-заң көмегі" құқықтық көмек көрсету ақпараттық жүйесі енгізіліп, адвокат автоматты түрде тағайындалады. Сондай-ақ, осы жүйе арқылы азаматтардың онлайн кеңес алу мүмкіндігі болады", – деді Марат Бекетаев.

Министрдің айтуынша, былтырғы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтарға адвокаттар тегін кешенді әлеуметтік-заңгер көмегін көрсе бастаған.

"Азаматтар адвокат көмегі мен заңгер кеңесін мәселесі толық шешілгенге дейін тегін алады. Бұл бір реттік кеңес беру емес, клиентке толық қолдау көрсету екенін ерекше айтқым келеді. Бұл қызмет халық арасында сұранысқа ие екенін көріп отырмыз. Осындый қызмет екі мыңнан астам адамға көрсетілді. Биылғы жылдың басынын бастап адвокаттар мен заң кеңесшілері өз қызметтерін сақтандыруға міндетті. Егер сапасыз заң көмегінің кесірінен азамат жапа шексе, ешқандай көмек көрсетпесе немесе құжатын дұрыс жүргізбесе және т.б. жағдайларда сақтандыру қаражатын алуға құқылы. Заң көмегін көрсету келісімшартын жасасқан кезде азаматтар адвокаттан немесе заң кеңесшісінен қызметін сақтандыруы туралы құжатының көшірмесін ала алады", – деп айтып өтті Әділет министрі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу