Адвокат Бұрхан Жансейітов қамауға алынды

517

Адвокат қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріне қол көтеріп, рейдерлік басып алумен айналысқан адамдар тобына қатысты тергеуге кедергі келтірген, деп жазады inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адвокат Бұрхан Жансейітов қамауға алынды

"Кеше қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік басып алумен айналысқан адамдар тобына қатысты тергеу нәтижелерін жариялады. Адвокат Бұрхан Жансейітов осы топтың мүдделерін қорғады. Осы жылдың 12 шілдесінде Жансейітов күдіктілерге жасырын бақылау жүргізу туралы ақпарат алып, құқық қорғау органының қызметіне кедергі жасау мақсатында арандатуды мақсатты түрде ұйымдастырды. Кадрлардан көріп отырғанымыздай, Жансейітов жедел көлікті бұғаттап, алдыңғы шинасын тесіп, қызметкерлерді қақтығысқа итермелеген. Заңгердің әрекеті автомобиль салонындағы қызметкерлердің атына балағат сөздер айтумен, қорқытумен, күш қолданумен жалғасты. Оқиға көпшіліктің көз алдында орын алды. Бұл оның басқаларға деген немқұрайлылығын, цинизмін көрсетеді", – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Агенттіктің ресми өкілінің айтуынша, адвокат оқиға орнына келген полицейлердің талабына құлақ аспаған. Керісінше оларға кәсіби міндеттерін орындауына кедергі келтіріп, Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріне шабуыл жасаған.

Құқық қорғау қызметкерлері Жансейітовтың және өзге де адвокаттардың сыртынан аңдып жүр деген ақпарат шындыққа жанаспайды дейді агенттік өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу