Адвокат марқұмдар Шерзат пен Нұрқанат және Қаржаубайдың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады

Мұндай өтінішті күдікті Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова жасаған.  

Адвокат марқұмдар Шерзат пен Нұрқанат және Қаржаубайдың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады Фото: Бейнежазбадан

Қазір 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесінің 2-бөлімі жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Адвокат төбелес уақытында пышақ, мылтық секілді суық қаруды бірінші болып алып шыққан жәбірленушілер екенін алға тартып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады. 

– Жәбірленушілерді ҚР Қылмыстық Кодексінің 420-бабында көрсетілген қылмыстық жауапқа тартуы тиіс. Осы бойынша соттан жеке қаулы шығарып, құзырлы органға жолдауды сұраймын. Сот тергеу кезінде анықталып, қазіргі кезде жәбірленуші тараптың заңды өкілі Мейірман Шекеев те қазір жарыссөзінде расында да атыс қаруын қорғауындағы тұлғалардың қолданғанын растап өтті және бейнежазбалармен Қаржаубай Нұрымовтың дүкеннен 3 рет пышақты бірінші рет алып шығып, қолданғанын ескеріп, Шерзат Полатты, Нұрқанат Ғайыпбаевты, Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша көрсетілген қылмыстық құрамның болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын. Және аталған қаулыны Алматы облысы прокуратурасына жолдауды сұраймын, – деді Г.Баймұханова. 

Бұған дейін адвокат Алмас Мырқасымбаев сотталушылардың бірі Дидар Қалиахметті ақтауды сұраған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу