"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заң тиімділігін көрсетті

472

2020 жылдан бері іске қосылған адвокаттарды электронды форматта тағайындау бүгінгі күннің жағдайында тиімді екенін көрсетті.  

"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заң тиімділігін көрсетті Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.  

"Бұл іс-шаралар қылмыстық процесті жүргізетін қызметкерлерге адвокат тағайындауға, қорғаушының күдікті ісіне қатысуын қамтамасыз ету және мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде күдіктіні автоматтандырылған режимде қорғауға байланысты заң көмегіне ақы төлеу туралы қаулы шығаруға мүмкіндік берді. 2020 жылдан, яғни ақпараттық жүйе іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін полиция органдары электронды форматта адвокаттарды тағайындау жөнінде 25 492 өтініш хат жолдады, оның ішінде адвокаттар 22 307-сін растады", - деді Алма Мұқанова.

Оның дерегінше, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заң іске асырыла бастағалы бүгінгі жағдай бойынша 715 мыңнан астам адамға тегін заң көмегі көрсетілді. 
"2018-2021 жылдары республикалық бюджеттен тегін заң көмегін көрсетуге орта есеппен жыл сайын 1,7 млрд теңге бөлінді" деді спикер. 
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу