Адыяман және Малатья қалаларында тағы жер сілкінісі болды

529

Түркияның екі қаласында жер сілкінді.

Адыяман және Малатья қалаларында тағы жер сілкінісі болды

Түркияның Адыяман қаласында 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше кеше күндізгі сағат 16:26-да Адыяманның Синжик ауданында 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі - 7 шақырым.

Сонымен қатар артынан 20 минут өтер өтпестен Малатья қаласының Пүтүрге ауданында 3,6 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Оның тереңдігі 13,8 шақырымға жеткен.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша жағымсыз жағдай тіркелген жоқ. Дегенмен тұрғындардың бойын үрей биледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу