АЭФ аясындағы өткен KGIR-де 45 жоба бойынша коммерциялық келісім жасалды

773

2018 жылы Қазақстанға $24 млрд астам тікелей шетелдік капитал инвестицияланды, бұл Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 90% астамын құрайды.

АЭФ аясындағы өткен KGIR-де 45 жоба бойынша коммерциялық келісім жасалды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ХІІ Астана экономикалық форумы аясында III Kazakhstan Global Investment Roundtable жұмысына қатысты, жиынға 1100-ден астам адам жиналды, оның ішінде әлемнің 41 елінен 600-ге жуық шетелдік қатысушы болды. 

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин инвестициялар Қазақстан экономикасының өсімі мен оны дамытудың іргелі факторы болып қала беретінін атап өтті. 2018 жылы Қазақстанға $24 млрд астам тікелей шетелдік капитал инвестицияланды, бұл Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 90% астамын құрайды.

ҚР үкіметінің басшысы форум қатысушыларын Қазақстанда бизнес жүргізу және инвестиция салу үшін, оның ішінде жекешелендіру бағдарламасы аясында да, мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды. Қазақстан өз кезегінде барлық инвесторларға қолайлы бизнес-ахуал ұсынады.

Форум қорытындысы бойынша инвестициялық келісімдерге қол жеткізіліп, $8,9 млрд сомасына 45 жоба бойынша коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу