АЭС-ке қажетті мамандар Өскеменде даярланады

931

Жаңа оқу жылында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде "Атом электр станциясын пайдалану" атты жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылады.  

АЭС-ке қажетті мамандар Өскеменде даярланады Фото: dixinews.ru

Бағдарлама Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) сарапшыларының қатысуымен әзірленіп, еліміздегі алғашқы атом электр станциясына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бағдарлама "АЭС құрылысы бағдарламасын қолдау үшін білім беру мен кадрларды даярлау саласындағы ұлттық әлеуетті нығайту жөніндегі сарапшылар миссиясы" және "KAZ2010: Атом энергетикасы бағдарламасын енгізу үшін инфрақұрылымды дамытуға қолдау" жобалары аясында жасақталды.

МАГАТЭ сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес дайындалған оқу жоспары ядролық энергетика саласының негізгі аспектілерін қамтиды. Оқытылатын пәндер қатарында атом станцияларының жабдықтары, ядролық реакторлар физикасы, радиациялық қауіпсіздік, ядролық отын циклі, жабдықты жаңғырту мен монтаждау сияқты маңызды бағыттар бар.

Сонымен қатар, студенттер теориялық біліммен қатар Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта және Өскемендегі металлургиялық зауытта тәжірибеден өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу