АЭС салу бойынша референдум қашан өтеді?

158

Әзірге референдум күнін айту ерте. 

АЭС салу бойынша референдум қашан өтеді? Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "АЭС құрылысы бойынша референдум қашан өтеді?" деп сұрады.

"Референдумның өтетін уақыты мен күні Конституциялық заңға сәйкес жүйеленеді. Оған Орталық сайлау комиссиясы жауап береді. Референдум барысына, тыңдалым мен материалдарды дайындау жұмысына біздің министрлік те атсалысады", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министрдің айтуынша, АЭС саласында жұмыс істей алатын мамандар мен сарапшылар бар. 

"АЭС-ты пайдалану бағытында да тәжірибеміз бар. Ядролық физика орталықтары бар. Олардың да бұл салада құзыреттілігі жоғары", - деп қысқа қайырды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу