Ежелгі грек патшасы Агамемнонның бейнесіне енген жас жігіт дауыс беруге келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол "Одиссея" фильміндегі кейіпкердің стилінде жасалған сауыт-сайман, шапан және дулыға киген. Ерекше киімі мен роликпен жүріп келгені сайлау комиссиясының мүшелері мен учаскеге келген тұрғындардың назарын бірден аударды.
Жас жігіт бюллетень алып, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейін қала тұрғындарымен бірге суретке түсіп, ары қарай сапарын жалғастырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу