"Ағаммен көзқарасым сәйкес келе бермейді": әнші Мирас Жүгінісов халықтан кешірім сұрады

216

Эстрада әншісі Мирас Жүгінісов қоғам сынына ұшыраған ағасы Рүстем үшін көпшіліктен кешірім сұрады.  

"Ағаммен көзқарасым сәйкес келе бермейді": әнші Мирас Жүгінісов халықтан кешірім сұрады Фото: esquire.kz/threads.com

Ол бауырының харассментке қатысты пікірімен келіспейтінін Threads әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жақында Ақтөбедегі мешітте Эммануэлла Наурызбаева есімді қызға белгісіз ер адам "бір реттік неке" ұсынып, мазасын алғаны жөнінде бейнежазба таратты. Бұл оқиға қоғамның қызу талқысына түсті.

Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде қыздың өзін кінәлаймын деп, басы дауға қалды. Рүстемнің бауыры Мирас Жүгінісов те осы дауға араласып, ағасының жеке пікірімен келіспейтінін айтты.

– Соңғы күндері ағамның айтқан пікірі қоғамда үлкен резонанс тудырып, кейбір жандардың көңіліне тиіп жатыр. Ол өз ойын білдірген жеке тұлға. Мен өз жолым, өз ұстанымым бар адаммын. Мен отбасымның әр мүшесін құрметтеймін, бірақ олардың жеке көзқарастары менің ойыммен әрдайым сәйкес келе бермейді. Сол үшін де кейбір кезде мәселелер туындайды", – деп мәлімдеді әнші. 

Бұған қоса, әнші көңілі қалған тыңдармандардан өзі үшін де кешірім сұрады.

– Егер мен жақтан да кеткен қателіктер болса, шын жүректен кешірім сұраймын! – деп тағы қайталады Мирас.

Аталған келеңсіз оқиғаға қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы мәлімдеме жасап, қоғамды сабырға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу