"Аграрлық несие корпорациясының" табысы қысқарды

1193

Алайда компания активтері жарты жылдың ішінде 28,6%-ға өскен. 

"Аграрлық несие корпорациясының" табысы қысқарды

2019 жылдың бірінші жартысында "Аграрлық несие корпорациясының" кірісі 16,3 млрд теңгеге жетіп, 39,5%-ға өскен. Алайда КТС-ны төлегенге дейінгі компанияның таза табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 19,6 млрд теңгеден 7,8 млрд теңгеге, яғни, 2,5 есеге төмендеген. Бұл ретте корпорация шығынының 2018 жылдың осы кезеңімен саластырғанда 2,2 есеге артып, 9,8 млрд теңгені құрағанын да ескерген абзал.

Ал "ҚазАгро" компаниясының еншңлесі "Аграрлық несие корпорациясының"  активтері жарты жылдың ішінде 28,6%-ға қымбаттап, 478,8 млрд теңгеге жетті. Алайда компания капиталы салық төлеу кезеңінде 1,7%-ға қысқарып, 148,6 млрд  теңгені құрады. 

Айта кетсек, "Аграрлық несие корпорациясының" жалғыз акционері бар, ол – "ҚазАгро" ұлттық холдингі. Аталмыш компания ауыл шаруашылығын несиелендірумен айналысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу