Агробизнесті дамыту үшін ғылымға арқа сүйеу қажет

630

Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін, инновацияға көбірек иек арту керек. Өйткені, бұрынғы әдіс тәсілдер мен технологиялар ескірген. Осылай деген павлодарлық ғалымдар, агробизнесті дамытудың тың жолдарын ұсынып отыр.

Агробизнесті дамыту үшін ғылымға арқа сүйеу қажет

Павлодарлық ғалымдар ауылшаруашылық саласында тың технологияларды жүзеге асыруда. Нәтижесінде көкөніс өсіру, картопты сұрыптандыруды дұрыс жолға қоя білді. Бұл жаңашылдықтар елдегі егіншілерді қойып, көрші елдерді тәнті етті. Енді, мал азығын және сүт сапасын талдау бойынша инновациялар енгізуде. Зертханалары халықаралық тіркеуден өткен. 

"Сол сүтпен біз осында облысымыздағы ең үлкен шаруашылықтармен бәрімен келісім шарт жасағанбыз. Жаңадан салынып жатқан фермалардың бәрімен келісім шарт жасап жатырмыз. Оларға біз оның, сүттің сапасын анықтап береміз. Олар кейін мемлекеттен субсидия алады", дейді Агроинновация және биотехнология ҒЗИ директоры Қайролла Ахажанов.

Сонымен қатар, керекулік ғалымдар эмбриондарды трансплантациялаудың күрделі әрі қымбат тәсілін игерді. Бұл сиырдың төл беру өнімділігін арттырады. Еуропа елдерінде танымал технология болғанымен Қазақстанда дами қоймаған. Сондықтан да болар, мал өсіретін шаруалардың қызығыушылығы төмен. 

"Біздің ғалымдардың зерттеген жаңағы жобалары бар мысалы, жақсы нәтиже алып жатыр. Бірақ та өзіңіз сұрағандай жаңағы біздің фермерлеріміз ауылшаруашылығы сұранысы аз. Олар енді мына жаңалықтарды енгізуге сондай құлшыныстары жеткіліксіз деуге болады", дейді Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Бексейітов.

Ауыл шаруашылығындағы ғылыми жетістік заманауи агротехнологияларды қолданудың жемісі. Бұрынғы әдіс тәсілдердің көбісі қазір ескірген. Ал, ғылымның агроөнеркәсіп кешеніне ұсынар инновациялары көп. Оның үстіне елімізде тың жобаларды енгізген фермерлерге субсидия беріледі. Мәселен, 2021-2023 жылдары аграрлық ғылымды қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен 50 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.  

Есенбек Санатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу