Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына өзгеріс енгізу көзделуде

1535

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына өзгеріс енгізу көзделуде

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған бағдарламаға өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды 24.kz

"Жаңғыртылатын бағдарлама аясында экспорт көлемін арттыру жоспарланған. Елдімекен маңындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді тиімді игеріп, сол арқылы ауыл халқын жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бағдарламаға өзгерістер енгізу шаруалар тарапынан қолдау тапқан. Сондықтан алдағы уақытта аталған сала жаңа жүйеде дамитын болады", – деді Өмірзақ Шөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу