Ағылшын тілін рэп арқылы үйрететін ұстаз

211

Қазіргі цифрландыру дәуірінде мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тың әдістерді қолданады.  

Ағылшын тілін рэп арқылы үйрететін ұстаз Фото: gov.kz

Осындай жаңашыл ұстаздардың бірі – әлеуметтік желілерде "Мистер Омирбек" атымен танымал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Өмірбек Жанқуатов, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жас педагог TikTok желісінде жариялаған бейнероликтері арқылы кеңінен танымал болды. Ол бейнематериалдарда мектеп оқушыларын ағылшын тілін музыкалық композициялар арқылы үйретеді.

34 жастағы Өмірбек Жанқуатов бұған дейін Алматы облысы Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында еңбек еткен. Қазір Іле ауданы Қосөзен ауылындағы мектепте сабақ береді. Оның оқыту тәсілі шығармашылыққа негізделген: сабақ барысында оқушылар ағылшын сөздері мен сөз тіркестерін рэп ырғақтарына қосып жаттайды. Мұндай әдіс білім алу процесін қызықты әрі жеңіл етеді.

Өмірбек Жанқуатовтың кәсіби жетістіктері өңірлік деңгейде де жоғары бағаланды. Ол "Қазақстанның үздік мұғалімі" байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды. Жақын арада ұстаз жаңа авторлық бағдарламасын ұсынбақ, оны оқушылар асыға күтіп жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу