АХҚО биржасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда жүргізуге әзір

926

АХҚО биржасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда жүргізуге әзір

"Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда жүргізуге әзір. Бұл туралы үкімет отырысында АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды primeminister.kz
АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов жүргізілген көлемді жұмыстардың нәтижесінде АХҚО инфрақұрылымының жаңа жылдан бастап жұмыс жасауға толық даярлығы қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Қарашада орталық алаңында алғашқы қатысушы ретінде халықаралық қаржы орталығының биржасы тіркелді. Биржа 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда жүргізуге дайын. Конституциялық заңға сәйкес судьяларға қойылатын талаптарды айқындау туралы ҚР конституциясына түзетулер енгізілді. АХҚО сотының судьяларын тағайындау және ант беру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. АХҚО-ның қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті құрылды.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанның қор нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2018 жылдың бірінші тоқсанында АХҚО биржасына мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және орналастыру көзделген.
Сондай-ақ, қаржы министрлігі ислам мемлекеттік құнды қағаздары — сукукты шығару мүмкіндігін қарастыруда. 2018 жылдың бірінші жартысында АХҚО биржасында сукукты шығару жоспарланған.
"Euroclear қызметтерін іске қосу резидент еместердің Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына тікелей қолжетімділігін қамтамасыз етеді, өз кезегінде бұл құнды қағаздар нарығының өтімділігін арттыруға, баға белгілеу құбылмалылығын төмендетуге, сондай-ақ, Қазақстанға портфелдік әрі тікелей инвестицияларды тартуды ынталандыруға жол ашады", — деді қаржы министрі.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев қаржы министрлігіне жауапты органдармен бірлесіп, аталған мәселелерді пысықтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу