АХҚО биржасы комиссияларды 5 есе төмендетті

566

Сондай-ақ, AIX басшылығы 2023 жылғы 7 наурызға дейін "ҚМГ" ҰК АҚ акцияларымен мәмілелерге комиссия алынбайтыны туралы хабарлады.  

АХҚО биржасы комиссияларды 5 есе төмендетті Фото: aifc.kz

AIX бөлшек инвестицияларды ынталандыру үшін комиссияларды азайтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Astana International Exchange (бұдан әрі - "AIX", "Биржа") AIX басқармасының шешімі негізінде 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап AIX комиссиялары өзгертілетінін қуана хабарлайды. Акциялармен сауда және есеп айырысу операциялары үшін Комиссия (биржалық сауда-саттық қорларын (ETF) қоса алғанда) әр сауда-саттықтан 0,01% (бұрын 0,05%) құрайды.

Одан бөлек, 2022 жылғы 08 желтоқсан мен 2023 жылғы 07 наурызды аралығындағы кезеңде инвесторлар қайталама нарықтағы "ҚазМұнайГаз" ҰК акцияларының саудасы мен есептеулері үшін комиссиялардан босатылатын болады.

"Біздің басты мақсаттарымыздың бірі - AIX-ті бөлшек инвесторлар үшін тартымды әрі ыңғайлы ұзақ мерзімді инвестициялау алаңына айналдыру. Біз инвесторларға дұрыс шешімдер қабылдауға және саналы инвестициялық мінез-құлықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін қауіпсіз әрі сенімді ортаны құрдық. Ұсынылатын инвестициялық өнімдер Қазақстан азаматтарының қаржылық әл-ауқатын жақсартуға ықпал ету үшін қолжетімді, түсінуге оңай әрі тиімді болуы тиіс деп санаймыз", - деді Ренат Бектұров, AIX басқарма төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу