АХҚО комитетін ұлыбританиялық Барбара Джадж басқаратын болды

816

АХҚО комитетін ұлыбританиялық Барбара Джадж басқаратын болды

АХҚО-ның басқару жөніндегі кеңесінің шешімімен Барбара Джадж АХҚО-ның қаржылық қызмет көрсетуді реттеу (Astana International Financial Authority, AFSA) комитеті директорлары кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды kursiv.kz. 
Барбара Джадж коммерциялық заңгер, жекеменшік және мемлекеттік сектордағы энергетика, инфрақұрылым, өндіріс, бөлшектік сауда және қаржылық қызмет көрсету сияқты салаларда басшылық еткен тәжірибесі бар.
"AFSA-ның директорлар кеңесін басқару мен үшін үлкен құрмет. Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін AFSA–ның халықаралық стандарттарына сәйкестендіруге тырысып, АХҚО-ның дамуына өз үлесімді қосамын", – деді Барбара Джадж.
АХҚО-ның басқарушысы Қайрат Келімбетов Барбара Джадждың басшылығымен және директорлар кеңесінің басқа мүшелерінің қолдауымен AFSA айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, әлемдік деңгейдегі қаржылық реттеуші болады деп атап кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу