Ахмет Байтұрсынұлының Қазан қаласында түскен суреті табылды

394

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының Қазан қаласындағы фотосы табылды.  

Ахмет Байтұрсынұлының Қазан қаласында түскен суреті табылды Фото: 24.kz

Бұл туралы ғалым Қайырбек Кемеңгер хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Құнды сурет қыркүйек айының басында Татарстан астанасындағы ұлттық музейден шыққан. Бірақ ол жерде Ахмет Байтұрсынұлының есімі жазылмапты. Тек татар зиялысы Мұхаммед Идрисовтың аты-жөні көрсетілген. Әйтсе де, біздің ғалымдар ұлт ұстазын бірден таныған.

Музей мамандары алғашында суретті түсіруге рұқсат бермей, кейін келісімге келеді.

Қайырбек Кемеңгердің айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлының Қазан қаласында бұрын-соңды болғаны туралы бұған дейін ақпарат айтылмаған.

"Ахмет Байтұрсынұлы Қазан қаласына келді деген ақпаратты бұрын естімедік... "Келгені сөзсіз, мұны осы сурет растайды" деп ой түйдік. Бір есептен, мұрағат материалына мұқият татар ағайын суреттің қайда және қашан түсірілгені жайында олқылық жібере қоймас деп те ойладық", – дейді ғалым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу