Ахмет Ясауи кесенесінің аумағына кіру тәртібі өзгерді

245

Шектеу Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес енгізілді.    

Ахмет Ясауи кесенесінің аумағына кіру тәртібі өзгерді Фото: primeminister.kz

"Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының хабарлауынша, 15 ақпаннан бастап кесене аумағы қоршалып, келушілердің кіруі арнайы орнатылған турникеттер арқылы жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасап. 

– Бұл шара киелі нысанның сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік деңгейін арттыру, террористік сипаттағы ықтимал қауіптердің алдын алу, сондай-ақ келушілер қозғалысын реттеу мақсатында енгізіліп отыр. Енді келушілер кесене аумағына жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп, билет алып, қауіпсіздік тексерісінен өткеннен кейін ғана кіре алады, – делінген хабарламада.

Мекеме өкілдері өзгерістер аумақта жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен бақылауын күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу