Ахметов өз адамдарын танымай ма?

2069

Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, оған журналистер тарапынан көптеген сұрақ қойылды. 

Ахметов өз адамдарын танымай ма?

Солардың бірі аймақтағы кадрлық ауыс-түйістерге қатысты болды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Айта кету керек, кейінгі жеті жыл ішінде облыстағы аудандар мен Семей қаласына бірнеше әкім келіп-кетті. Денсаулық сақтау басқармасында 2019 жылдан бері – үш, "Шығыс Ақпарат" медиахолдингінде 2014 жылдан бері алты басшы ауысқан.
Мұншалықты жиі өзгерісті аймақ басшысы қалай бағалайды? Басшыларды қызметке тағайындайтын да, орнынан алатын да әкімнің өзі екенін ескерсек, дұрыс таңдау жасай алмағаны ма?

Даниал Ахметов денсаулық сақтау басқармасындағы ауыс-түйістердің себебі кейбір басшының қызметтік өсуі, кейбірінің сырқаттануына байланысты болды деп түсіндіреді.

Ал "Шығыс Ақпарат" бойынша толық жауап бермеді және кейінгі басшының тегінен қайта-қайта қателесті. Өзі тағайындаған кадрлардың тарапынан қателіктер болғанын мәлімдеді, бірақ өзін "кадр таңдауда қателескен жоқпын" деп есептейді екен.
Тағы бір айта кетер жәйт, Даниал Ахметов мырза "сұрақтарыңыз көп болып барады" деп журналистермен жиі-жиі есептесті.

Толықтыра кетейік, "Шығыс Ақпарат" – облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттің идеологиялық саясатын жүргізетін бірден-бір медиахолдинг. Биыл осы кәсіпорындағы 200-ге тарта жұмысшы айлығын уақытылы ала алмай жүргенін айтып бұқаралық ақпарат құралдарына, еңбек инспекциясына және әкімдіктің өзіне де шағымданған

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу