АИ-80 маркалы жанармайы өндірістен алынады

826

АИ-80 маркалы жанармайы өндірістен алынады

Келер жылдан бастап елімізде АИ-80 маркалы бензин шығарылмайды. Бұл туралы энергетика министріне сілтеме жасап 24Хабар хабарлады.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталады. Содан кейін елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарылатын болады. Ал, Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін бітуге тиіс. Сондай-ақ, министр елдегі жанармай бағасы халықтың орташа табысына қаншалықты сай келетіндігі жөнінде пікір білдірді.

"Мен халықтың орташа табысы мен бензиннің бағасын салыстырып көрген жоқпын. Бірақ Ресейді алып қарасақ, онда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы 180 теңгеден асады. Әрине, Еуропамен салыстырсаңыздар, баға басқаша болады", – деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу