Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізіледі.
Энергетика вице-министрінің айтуынша, мемлекет жанармай нарығындағы баға тұрақтылығын сақтауға ерекше назар аударады.
"Қазіргі таңда АИ-92 және дизель отынының бағасын өсіру жоспарымызда жоқ. Бағаға уақытша шектеу қойылады, яғни мораторий енгізіледі", – деді Сұңғат Есімханов.
Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, мұндай шешім елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұтынушыларға қосымша салмақ түсірмеу мақсатында қабылданған.
Айта кетейік, соңғы айларда мұнай өнімдерінің нарығында сұраныс артқаны байқалады. Дегенмен, ведомство жанармай тапшылығына жол бермей, бағаны ұстап тұру үшін тиісті шараларды қолға алып отыр.