Аида Балаева Абу-Дабиде өткен VII Мәдениет саммитіне қатысты

148

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Аида Балаева Абу-Дабиде өткен VII Мәдениет саммитіне қатысты Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен VII Мәдениет саммитіне қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Форумның негізгі тақырыптары жасанды интеллекттің мәдениет пен адам шығармашылығына ықпалы, сондай-ақ тұрақты болашақ жолындағы бейбітшілікті нығайтуда мәдени байланыстардың рөлі болды.

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Аида Балаева жаһандық тұрақсыздық жағдайында мәдениеттің ерекше маңызын атап өтті.

"Мәдениет — бұл тек өткеннің мұрасы емес. Бұл — диалогтың тетігі, ұрпақтар, ұлттар мен діндер арасындағы көпір. Өркендеу дәуірінде де, қиын кезеңдерде де дәл мәдениет рухты көтеріп, шабыттандырып, адамдарды біріктіріп отырды. Бүгінде де ол — болашаққа апаратын сенімді тірегіміз әрі елдер арасындағы өзара іс-қимыл тетігі", — деді министр.

Сонымен қатар, Аида Балаева Қазақстандағы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени әралуандық дәстүрлеріне тоқталды.

Бүгінде елімізде жүзден астам этнос өкілдері өз тілін, өнерін сақтап, бейбіт өмір сүріп келеді. Министр Мемлекет басшысы жариялаған "Әралуандықтағы бірлік" қағидаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің берік негізіне айналғанын ерекше атап өтті.

Саммит жұмысына 90 елдің делегациялары қатысты. Халықаралық жиын идея алмасу, гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты және мәдениет арқылы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыратын маңызды алаңға айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу