Air Astana, "Қазатомөнеркәсіп" және "Қазақтелеком" акциялары АХҚО биржасында орналастырылады

694

Air Astana, "Қазатомөнеркәсіп" және "Қазақтелеком" акциялары АХҚО биржасында орналастырылады

Air Astana, "Қазатомөнеркәсіп" және "Қазақтелеком" компанияларының акциялары АХҚО биржасында орналастырылады, деп хабарлайды abctv.kz.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, Air Astana әуе компаниясының және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының, сондай-ақ "Қазақтелеком"-ның акциялары 2018 жылдың төртінші тоқсанында қаржы орталығының биржасында орналастырылмақ. Бүгінде биржа "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, жекешелендіру процестерін жүзеге асыруға дайындық жүргізуде.

Компаниялардың роуд-шоуы 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ұйымдастырылады деп күтілуде.

"Жуырда "Самұрық-Қазына" қорының басшылығымен кездесіп, инвестициялық конференцияларды, инвесторлар күнін, роуд-шоуды осы жылдың бірінші жартыжылдығында өткізу туралы келісімге келдік. Роуд-шоуды Сингапур, Шанхай секілді әлемнің ірі қаржы орталықтарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Еуропада, Еуразиялық экономикалық одақта презентациялар ұйымдастыру жоспарда бар", – деді Қанат Келімбетов 31 қаңтарда өткен баспасөз-мәслихатында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Financial Times халықаралық басылымы ІРО аясындағы Air Astana мен "Қазатомөнеркәсіп"-тің акциялары Астана мен Лондонда бір уақытта қатар орналастырылуы мүмкін екенін жазған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу