Air Astana Алматы әуежайында рейстерге тіркеу тәртібін өзгертті

397

6 қарашадан бастап Алматыдан ұшатын ішкі рейстердің жолаушыларын тіркеу №1 терминалға ауыстырылады.

Air Astana Алматы әуежайында рейстерге тіркеу тәртібін өзгертті Фото: t.me/alaport_tav

Ал халықаралық рейстерге тіркеу бұрынғыдай №2 терминалда жүргізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

№1 терминал ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін жолаушыларға қызмет көрсетуді қайта бастайды. Мұнда тіркеу аймақтары жаңартылды.

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 5 автомат бекет орнатылды. Сонымен қатар ұшу аймағындағы орындықтар саны көбейтіліп, цифрлық ақпараттық таблолар жаңартылды. Бірнеше тілде қызмет көрсететін навигация жүйесі енгізіліп, балалар ойын алаңдары мен жүк беру аймағы да жаңғыртылды.

Air Astana компаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога жаңартылған терминалдың жолаушыларға қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті.

"Ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін жаңартылған T1-де жолаушыларға қайта қызмет көрсете бастағанымызға қуаныштымыз. Заманауи инфрақұрылым, жетілдірілген қызметтер мен түсінікті навигация әуежайдағы жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, ұшар алдындағы рәсімдерден жылдам өтуіне мүмкіндік береді", – деді Александр Небога.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу