Air Astana Алматы – Пхукет бағытына 9 қосымша рейс ашты

161

Наурыз мерекесі қарсаңында әуе компаниясы Алматыдан халықаралық рейстер санын көбейтті.  

Air Astana Алматы – Пхукет бағытына 9 қосымша рейс ашты Фото: gov.kz

Енді Пхукет, Дели, Лондон, Стамбул, Тбилиси, Ташкент және басқа да танымал бағыттарға рейстер көбейеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ең көп рейс Пхукет бағытына ашылған, Наурыз мерекелерінде бұл бағытқа тағы 9 рейс қосылады.

Сонымен қатар компания Вьетнам бағытын да күшейтті. Фукуок аралына енді кең фюзеляжды Boeing 767 ұшағы ұшады. Соның арқасында орын саны 35%-ға артады.

"Наурыз айында Алматыдан Үндістан астанасына қосымша 13 рейс ашылады. Сондай-ақ Лондон, Мале, Стамбул, Тбилиси және Ташкент бағыттарына да әуе рейстері жиілейді", – делінген әуекомпания хабарламасында.

Air Astana мәліметінше, көпшілік қысқы маусымдағы соңғы демалысын Наурыз кезіне жоспарлайды. Сол себепті осындай шешім қабылданған. Мерекеден кейін де рейстер санын арттыру жоспарда бар. Сәуір айында компания кей бағыттар бойынша рейстер санын тағы да жиілетпек.

"Астана – Франкфурт бағыты бойынша рейс біртіндеп ай соңына дейін күн сайынғы рейске дейін жеткізіледі. Сонымен қатар Aлматы – Пхукет және Aлматы – Бангкок бағыттарына да қосымша рейстер ашылады. Бұл ретте Пхукетке рейстер Boeing 767 кең фюзеляжды ұшақтарында орындалады", – деп хабарлады Air Astana.

Компания Мальдив әуе қатынасын да ұзартуға шешім қабылдады. Алматы мен Мальдив аралығындағы рейстер мамыр айының соңына дейін сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу