Air Astana Алматы – Шанхай бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстер ашады

104

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе қатынастарын кеңейту және қолданыстағы бағыттардағы рейстер санын ұлғайту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді.  

Air Astana Алматы – Шанхай бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстер ашады Фото: Air Astana

Осы бастама аясында 2026 жылғы 29 наурыздан бастап "Air Astana" әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерін іске қоспақ, деп жазады inbsuiness.kz сайты. 

Жаңа бағыттағы ұшулар аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің жалпы жиілігі аптасына 81-ден 84 рейске дейін артады.

Жаңа бағыттың ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, іскерлік сапарлар мен туристік алмасудың жандануына оң ықпал етеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу