Air Astana Алматыдан Парижге тікелей рейс ашады

1210

Рейстер 2020 жылдың маусымынан бастап орындалады.

Air Astana Алматыдан Парижге тікелей рейс ашады

Air Astana 2020 жылдың маусымынан бастап Алматыдан Парижге аптасына үш мәрте рейс орындайтын болады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы – Париж" рейстері ауе компаниясы 2019 жылы қазанда сатып алған ұзақ бағытқа ұшатын Airbus A321LR ұшағымен аптасына үш рет орындалады",– делінген хабарламада.

Ұшулар Алматыдан сәрсенбі, жұма, жексенбі күндерге жоспарланып отыр, ұзақтығы – 7 сағат 15 минут, кері бағытта – 7 сағат 45 минут. Билет бағасы эконом-класс санаты үшін 191 765 теңгеден, бизнес-класс үшін 944 206 теңгеден басталмақ.

   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу