Air Astana Алматыдан ұшатын бірқатар рейстердің кешігетінін хабарлады

585

Рейстердің кешігуінің орташа ұзақтығы шамамен 3 сағатты құрайды. 

Air Astana Алматыдан ұшатын бірқатар рейстердің кешігетінін хабарлады

Бүгін, 26 маусымда Алматыдан Ташкентке, Нұр-Сұлтанға, Ақтауға және кері рейстер кешігіп жатқандығы туралы Air Astana хабарлады. Осыған орай әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі кешігу себептерін мәлім етті.

"Бүгін, 26 маусымда ұшақтардың бірінің ақаулығына байланысты KS 127/128 Алматы-Ташкент-Алматы, KC 953/954 Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы және KS 859/860 Алматы-Ақтау-Алматы рейстерінің кешігуі күтілуде", – делінген хабарламада.

Клиенттерге рейстер бойынша ақпарат, әуе тасымалдаушының ресми сайтынан бақылап отыру ұсынылған.

"Air Astana" әуе компаниясының жерде қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Жазғы навигация кезеңінің басталуымен және ковид шектеулерінің алынуымен жолаушылар ағыны өсті. Сол себепті, халықаралық әуежайларда персоналдың, құрал-жабдықтардың тапшылығы ұлғайды. Нәтижесінде, біз әлемнің көптеген авиакомпанияларының уақытылы әрекет ету көрсеткіштерінің төмендегенін көріп отырмыз. Техникалық себептерге байланысты рейстің кешігуі де жағдайды қиындатады", – деді ол.

 Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу