Air Astana Алматыдан ұшатын бірнеше рейстің кешігуі мүмкін екенін ескертті

142

Әуекомпанияның хабарлауынша, Airbus A320neo әуе кемелерімен орындалатын рейстерге қолайсыз ауа райына байланысты енгізілген операциялық шектеулер әсер еткен. 

Air Astana Алматыдан ұшатын бірнеше рейстің кешігуі мүмкін екенін ескертті Фото: Вечерняя Москва

Air Astana әуекомпаниясы Алматы қаласынан ұшатын кейбір рейстердің кешігіп жатқанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осыған байланысты жекелеген бағыттарда ұшу уақыты өзгеруі мүмкін. Тасымалдаушы жолаушыларды әуежайға жолға шықпас бұрын рейс мәртебесін алдын ала тексеруге шақырды.

– Әуекомпания сайтына кіріп, рейсіңіздің статусын тексеріп алуларыңызды сұраймыз, – делінген компания таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу