Air Astana авиапаркі тағы бір ұшақпен толықты

851

Ұшақ Бразилиядағы өндіруші зауыттан тікелей жеткізілген.

Air Astana авиапаркі тағы бір ұшақпен толықты

Air Astana компаниясының авиапаркі үшінші Embraer 190-E2 ұшағымен толықты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Ұшақ Бразилиядағы өндіруші зауыттан тікелей жеткізілген. Бұл әуе компаниясының тапсырыс берген 5 ұшағының үшіншісі. Енді өзгелері де биылдан қалмай әкелінеді.

Embraer 190-E2 әлемдегі ең "үнемшіл" ұшақтардың бірі саналады, техникалық тұрғыдан жетілдірілген.

Ұшақ алғаш рет 1 маусымда Алматы– Нұр-Сұлтан – Алматы рейсін орындайды. Сондай-ақ, ары қарай өзге өңірлерге, көршілес елдерге қатынайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу