15 наурыздан бастап Алматы-Баку-Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сәуір айынан бастап рейстер аптасына 3 рет, ал мамыр айынан бастап аптасына 4 ретке дейін көбейеді: дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері. Жаңа кестеде сапарларды ыңғайлы жоспарлау үшін күндізгі ұшу және қону уақыттары қарастырылған.
Сондай-ақ әуекомпания Атырау-Баку-Атырау бағыты бойынша тұрақты рейстер жиілігін аптасына 3 ретке дейін арттырады: 18 наурыздан бастап рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, ал сәуір айынан бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады.
Ұшу ұзақтығы Алматыдан 3 сағат 35 мин, ал Атыраудан 1 сағат 25 мин. Барлық алымдарды қосқанда эконом-кластағы барып-қайту әуе билеттерінің бағасы Алматыдан ұшқанда 157 182 теңгеден, ал Атыраудан ұшқанда 97 093 теңгеден басталады.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Әзербайжанға саяхаттау үшін виза қажет емес.