Air Astana барлық рейсін сәуір айының соңына дейін тоқтатады

569

Сапар күнін немесе бағытын өзгерту үшін әуе компаниясына хабарласу керек. 

Air Astana барлық рейсін сәуір айының соңына дейін тоқтатады

Air Astana әуе компаниясы Нұр Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан айдың соңына дейін барлық рейстердің тоқтатылатынын мәлімдеді.  

"Төтенше жағдай режимінің ұзартылуына байланысты, 2020 жылдың сәуіріне жоспарланған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан ұшатын және келетін ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылды", – делінген сенбі күні таратылған хабарламада.

Күші жойылған рейстердің жолаушылары сапар күнін немесе бағытын өзгерту үшін авиакомпанияның брондау және ақпарат беру орталығына хабарласуы керек.

Брондау және ақпарат орталығымен Air Astana әуекомпаниясының веб-сайтында Live Chat көмегімен немесе call.center@airastana.com электрондық поштасы арқылы байланысуға болады. Сонымен қатар, авиакомпанияның веб-сайтында 2020 жылдың 16 наурызы мен 30 сәуірі аралығындағы билеттердің толық құнын қайтаруды қарастыратын онлайн-нысанды толтыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу