Air Astana бюджетке дивидент төлемейді

902

Былтыр компания 5,7 млрд теңге таза табыс алған.

Air Astana бюджетке дивидент төлемейді

Пандемия кесірінен жоспары бұзылғып, табысы ортайған Air Astana әуе компаниясы ел бюджетіне дивидент төлеуден босатылған. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділ айтты. 

"2019 жылы Air Astana 5,7 млрд теңге таза табыс тапқанына қарамастан, біздің қорға да, екінші акционерге де дивидент төлеу жоспарланбаған. Бұл қаржыны компания о баста ІРО-ға шығу шараларына бағыттауды жоспарлаған еді. Бірақ пандемияның кесірінен ол жоспарға түзету енгізілді. Нарықтағы ахуалды, компанияның қызметі шектелгенін ескере отырып, аталған 5,7 млрд теңге Air Astana-ны қолдауға тікелей жұмсалады деп шешілді. Сондықтан компания дививдент төлемейді", – деді Ернар Жанәділ.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу