Компанияның хабарлауынша, 13 және 14 шілдеге жоспарланған Алматы – Дубай – Алматы (KC897/898) және 14 шілдеге жоспарланған Астана – Дубай – Астана (KC205/206) рейстері орындалмайды.
Рейстері тоқтатылған жолаушылар билет ақшасын толық көлемде қайтара алады. Сондай-ақ 12-18 шілде аралығына алынған билеттерді 31 шілдеге дейін қосымша ақысыз басқа күнге ауыстыруға болады.
Air Astana қазіргі жағдайды жіті бақылап отырғанын және жолаушыларға барынша қолайлы шешім ұсыну үшін жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу