Air Astana 20 маусымнан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 10 шілдеден бастап Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін жандандыруды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұшу кестесі кезең-кезеңмен кеңейтілетін болады:
Алматы – Дубай – Алматы
- 15 - 21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі);
- 22 - 28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі);
- 29 маусым - 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа);
- 6 - 12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын).
Астана – Дубай – Астана
- 10 - 19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі);
- 20 - 26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
- 27 шілде - 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер);
- 3 - 9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын).
Билеттері 31 шілдеге дейін қайта брондалған жолаушыларға: 20 маусымнан бастап Алматыдан Дубайға, 10 шілдеден бастап Астанадан Дубайға ұшуға тегін қайта брондау ұсынылады.
"Әуе компаниясы аймақтағы оқиғаларды бақылайды және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді", – делінген ресми хабарламада.