Air Astana Шанхайға ұшатын жолаушыларға маңызды үндеу жасады

93

Әуе компаниясы Шанхайға ұшатын жолаушыларға арналған маңызды мәліметпен бөлісті.

Air Astana Шанхайға ұшатын жолаушыларға маңызды үндеу жасады Фото: AirAstana

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, тасымалдаушы келушілерге электронды картадағы QR-кодты алдын-ала рәсімдеп алуды ұсынған. Сондай-ақ, оны Шанхайға барған соң да алуға болады, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Қытай азаматтарынан басқа жолаушылардан декларацияны Қазақстанда (ұшпай жатып) толтырып тастауларыңызды сұраймыз", – деп мәлімдеді әуе компаниясы.

Белгілі болғандай, бұл рәсім жеткен соң тексерістен жылдамырақ өту үшін оңтайлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу