Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді

179

Air Astana тобы су тасқыны кезінде ұшақ билетіне арнайы тариф енгізбек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді Фото: lada.kz

Әуе компания Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді. 

"Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек",- деп хабарлады компаниядан.

Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау,

Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу