Air Astana Таяу Шығыс рейстеріне қатысты мәлімдеме жасады

119

28 ақпанда Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты мынадай өзгерістер болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Air Astana Таяу Шығыс рейстеріне қатысты мәлімдеме жасады Фото: Көлік министрлігі

28 ақпанда Таяу Шығысқа қалған рейстер тоқтатылды.

"KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, KC205 және КС207 Астана –Дубай рейстері ұшып кету әуежайларына қайтып оралады. Алматы – Дубай KC899 Делиге, FlyArystan FS7617 Ақтау – Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты", – делінген хабарламада.

Air Astana компаниялар тобы жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешуде.

Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшып шығу және ұшып келу уақытында өзгерістер күтілуде. Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу