Air Astana тегін жүк алып жүру нормасына өзгеріс енгізді

1041

Өзгеріс әуе компаниясының барлық бағыттарына қатысты болмақ.

Air Astana тегін жүк алып жүру нормасына өзгеріс енгізді

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы 21 тамыздан бастап жолжүгін ақысыз өткізудің нормасын салмақтан санға ауыстырады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Компанияның хабарлауынша, 7 тамыздан бастап билет алғандар 21 тамыздан аталған өзгеріспен жүгін тасымалдайтын болады. Өзгеріс әуе компаниясының барлық бағыттарына қатысты болмақ.

Осылайша, жолаушылар бұрын жалпы салмағы 23 кг болатын екі сөмке алып жүре алса (эконом класс), енді екінші сөмкеге қосымша төленеді. Ал бір сөмкенің салмағы эконом класс үшін – 23 кг, ал бизнес класс үшін – 32 кг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу