Air Astana ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты Алматыға қайта қонды

389

 Әуе кемесі Алматы әуежайына қайтарылған.

Air Astana ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты Алматыға қайта қонды Фото: tengrinews.kz

2 шілде күні Air Astana әуе компаниясының Алматы – Астана бағыты бойынша ұшқан KC 641 рейсі қолайсыз ауа райына байланысты межелі әуежайға қона алмай, Алматыға қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуе компаниясының мәліметінше, Астана мен Қарағанды қалаларындағы күрделі ауа райы жағдайына байланысты ұшаққа қону мүмкін болмаған. Осыған байланысты әуе кемесі Алматы әуежайына қайтарылған.

Қазіргі уақытта ұшақ Астанаға қайта ұшуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Астана мен Қарағандыда жаңбыр, найзағай және екпіні секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел болады деп болжанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу