Air Astana ұшағы жарты жолдан кері қайтуға мәжбүр болды

1606

Астанадан Алматыға ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының ұшағы разгерметизация (саңылау) салдарынан кері оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Air Astana ұшағы жарты жолдан кері қайтуға мәжбүр болды

"Авиакомпанияның A 321 ұшағы 7:43-те қайтарылды. Сағат 8:32-де кеме елордалық әуежайға қонды. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы осы факті бойынша тергеу жүргізеді", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу