Air China ұшағының қозғалтқышы өртенді: Зардап шеккендер бар

493

Болған жағдайға байланысты ұшу-қону жолағы уақытша жабылды.

Air China ұшағының қозғалтқышы өртенді: Зардап шеккендер бар Фото: Аэропорт Чанги

Бұл туралы "Известия" басылымы Сингапурдағы Чанги әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Рейстің жолаушылары мен экипажын, салон түтінге оралғандықтан, шұғыл түрде эвакуациялауға тура келді. 

Адамдарды эвакуациялау үшін үрлемелі баспалдақтар қолданылды. Әуежайдың хабарлауынша, ұшақ Қытайдың Чэнду қаласынан ұшып кеткен. Ол Сингапурға жергілікті уақыт бойынша 16:15-те қонды. 

Болған жағдайға байланысты ұшу-қону жолағы уақытша жабылады. Келушілерге жағдай ұшу кестесіне әсер етуі мүмкін екендігі ескертілді.

SHOT Telegram арнасының хабарлауынша, өрт ауада болған, сондықтан жолаушылар біраз уақыт түтінмен дем алуға мәжбүр болды. Алдын ала ақпарат бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу