Халықаралық бокс қауымдастығы (АІВА) жаңа конституция қабылдады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.
Бұл қадамға АІВА Халықаралық Олимпиада комитетінің құрамына қайтадан ену үшін барып отыр.
Айта кетелік, сенбі күні ресейлік Умар Кремлев АІВА-ның жаңа президенті болып сайланды. Ал 2018 жылдың 30 қарашасы күні ХОК бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирін тоқтатты. Мұндай шешім қабылдауға АІВА-да жүргізілген тексерулер себеп болған. 2019 жылдың мамырында ХОК бокс бәсекесін Олимпиада бағдарламасында қалдырып, іріктеу турнирін өткізуді өз мойнына алды. АІВА ХОК талаптарын орындамағаны үшін мүшеліктен шығарылған болатын.